» » Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 10,4 трлн теңгеге жетті

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 10,4 трлн теңгеге жетті

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинағының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасап.

Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы – 10,2 трлн теңге, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жалпы сомасы – 233,6 млрд теңге және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 1,9 млрд теңге. «Жыл басынан бері зейнетақы жинақтары 1,04 млрд теңгеге немесе 11 пайызға өсті. Бұл ретте, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша түсімдер – 714,3 млрд теңге, таза инвестициялық табыс көлемі – 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдері 154,2 млрд теңге болды», - делінген зейнетақы қорының ресми сайтында. Аталған кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты, оның 273,6 мың шоты МЗЖ есебінен ашылған. Ал бұл шоттардың 64 пайызы 30 жасқа дейінгі салымшыларға тиесілі. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының орташа сомасы – 17 149 теңгеге жетті. 2019 жылдың тоғыз айы ішінде белсенді салымшылардың саны 6,1 млн адам, олардың ішінде 6 және одан да көп жарна жасағандар 4,6 млн адам болды. «2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша, зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр», - делінген хабарламада.

www.kazinform.kz
29 қазан 2019 ж. 824 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930