» » Алты айда Қазақстаннан 14 мың адам шетелге көшіп кетті

Алты айда Қазақстаннан 14 мың адам шетелге көшіп кетті

Алты айда Қазақстаннан 14 мыңнан астам адам көшіп кеткен.

Ресми деректер осылай сөйлейді. Дені Ресейде тұрақтаған. Сондай-ақ Германия, Польша, Беларусь пен Израильге қоныс аударғандар жетерлік. Мамандықтарға бөліп сараласақ, жат жерге кетіп жатқандардың басым бөлігі техникалық салада істеген. 2384 адам. Бұл тізімде 1158 экономист, 678 педагог, 417 медицина қызметкері мен 282 заңгер бар.

Жалпы кейінгі бес жылды қарастырсақ, әсіресе 2019 жылы көш белсенді болған. 45 мыңнан астам қазақстандық туған жерді тастап кеткен. Мұнда да техникалық мамандық иелерінің үлесі басым.

Елде алыс-беріс көлемі артты. Биыл өзге елдермен арадағы тауар айналымы 7,4 процентке өсіп, 53 млдр долларды құрады. Соның ішінде экспорт көлемі ұлғайған. Жыл басынан бері Қазақстан шетелге 32 млрд доллардың тауарын сатқан. Басым бөлігін Қытайға. Аспанасты еліне  алғашқы жартыжылдықта жиыны 5 жарым млрд доллардың өнімі жеткізілді. Негізінен минералды шикізат тасымалданады. Ал біздің нарыққа шеттен түсетін өнім түрлері көбіне Ресейде өндіріледі. Көрші ел биыл 9 млрд долларға жуық өнімін жіберген. Қазақстан әсіресе өзгенің көлігі, көлік бөлшектері мен құрал-жабдықтарына кіріптар. Айта кету керек, кейінгі жылдары Ресеймен арадағы тауар айналымы артқаны байқалады. Биыл ол 12 млрд долларға жеткен. Сондай-ақ бұл қатарда Қытай мен Италия да бар. 

Алдағы бес жылда машина құрастыру саласында 1 млрд доллардың жобалары жүзеге асады. Осылайша жаңадан 15 мың жұмыс орыны ашылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев осылай дейді. Оның сөзінше, биылдың өзінде 80 млрд теңгенің 14 жобасы іске қосылмақ. Кейінгі жылдары өңдеу  өнеркәсібі ел экономикасына 9 трлн теңге пайда әкелген. 200 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылы саладағы өсім 16 проценттке жетті. Вице-минитрдің есебінше, биыл елде  автомобиль өндірісі 100 мың данаға дейін артады. Ал отандық көлік экспортын 15 мың, келер жылы 30 мыңға жеткізу көзделген. Жалпы жеті  айда 742 млн доллардың өнімі шетке шығарылды. Қазақстандық өнімдерге Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанда  қызығушылық жоғары. Сондай-ақ Белгия, АҚШ пен Ұлыбританиядан тапсырыс түсе бастады.

23 қыркүйек 2021 ж. 1 975 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031