» » Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды

Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды


ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанда ірі 14 нысан 61 млрд теңгеге сатылды. Бұл туралы бүгін мәжілістегі үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сатуға ірі 21 нысан қойылған. Оның ішінде Ұлттық холдинг бойынша – 19, республикалық меншік бойынша 2 нысан. Олардың ішінде қазіргі уақытта 14 нысан сатылды және «ҚазМұнайГаз» бен «Қазақстан темір жолының» IPO-сының аясында 7 нысан өткізілді», – деді министр.
Атап айтқанда, оның дерегінше, республикалық меншік бойынша 2 денсаулық сақтау «ҚазМедТех» АҚ пен «ҚазМедорталық» АҚ сатылды. Квазимемлекеттік сектор бойынша 12 компания сатылып кетті. Активтерді сатып алушылар қатарында тиісті салаларда тәжірибесі бар трансұлттық ірі компаниялар бар.
Мысалы KTZE-KHORGOS GATEWAY 49 пайызыы Shanhai Investment & Development Company Ltd COSCO Container Linesке, «Локомотив Құрастыру Зауыты» АҚ-ның 50 пайызы GE Transportation Engines Holding B.V., «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС-ның 50 пайызы француздық Alstom ірі машина жасау компаниясына сатылды «Ірі нысандардың жалпы сатылу бағасы 61 млрд теңгені құрады. Бұл олардың баланстық құнынан 20 пайызға жоғары», – деді Тимур Сүлейменов.



http://stan.kz
28 наурыз 2018 ж. 871 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930