» » Доллар 500-550 теңгеге дейін жетеді: Қазақстандық сарапшылар төл валютамыздың болашағын болжады

Доллар 500-550 теңгеге дейін жетеді: Қазақстандық сарапшылар төл валютамыздың болашағын болжады

Қазақстанның қор биржасында доллардың бағамы 452 теңгеге бір-ақ жетті. Ал еліміздегі ақша айырбастау пунктерінде шетел валютасы 470 теңгемен сатылуда, деп хабарлайды Stan.kz .

Украинада орын алған саяси ахуалға байланысты қаржы нарығындағы теңгенің болашағы туралы сарапшылар не дейді? 

GSB UIB бизнес мектебінің директоры, экономист Мақсат Халықтың пікірінше, доллар  бағамы жақын арада 500 теңгеден асып түседі. 

«Ресейде рубль құны 89-ға жетті. Бұл теңгенің 480 теңгеден асқанын көрсетеді. 500 теңгеге жақындап тұр. Егер саяси жағдай шиеленісе берсе, Ресейге қарсы жойқын санкциялар бағытталады. АҚШ «тозақ санкцияларын» жіберемін деді. Ең қауіптісі – SWIFT деп аталатын халықаралық ақша аударымдар жүйесінен Ресейдің шығарылуы. Егер бұл орын алса, 1 доллардың рубльге шаққандағы бағамы 100 рубльден асады. Ал теңге 500-ден асып жығылады», – деді Мақсат Халық. 

Сарапшы мұнай бағасы геосаяси жағдайдың жанында екінші орынға түсіп қалғанын айтады. Сондықтан мұнайдың көтерілуі теңгеге әсер етпейді, дейді ол. 

«Мұнай көтерілсе, теңге тұрақты болып тұруы керек еді. Бірақ қазір саяси жағдайдың ықпалы басымырақ болып отыр», – деп түсіндірді экономист.
24 ақпан 2022 ж. 332 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30