» » KASE сауда-саттығының қорытындысы шықты - доллар бағамы қандай

KASE сауда-саттығының қорытындысы шықты - доллар бағамы қандай

Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы әдісі бойынша кешіктіріліп өтті. Бұл шешім биржалық алыпсатарлықты азайтатыны хабарланды

KASE сауда-саттығының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 495 теңгеге жетті.

Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская сауда-саттықта ешқандай дүрлікпе байқалмағанын атап өтті.

Бүгін Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп, сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты тоқтатқан болатын. Түстен кейін сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында өтті. 1 наурызда қандай форматта өтетіні әлі белгісіз.

Қазір "теңге – АҚШ доллары" бойынша сауда-саттық аяқталды. Қалған шетел валюталары бойынша сағат 17:00-ге дейін жалғасады.

2022 жылдың 25 ақпанымен салыстырғанда доллар 30 теңгеге жуық қымбаттады. Ол кезде орташа бағам 466,66 теңге шамасында болатын.



28 ақпан 2022 ж. 2 475 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 855

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031