» » Қазақстандықтар бір айда 82 келі алтын құймасын сатып алды

Қазақстандықтар бір айда 82 келі алтын құймасын сатып алды


2022 жылдың ақпан айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 82 келі болатын 2 586 алтын құймасын сатты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 2,9 тоннаға жуық 79 262 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып бес түрлі салмақта ұсынылады. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27%, яғни, 21 646 дана.

Одан кейін 100 грамдық  құйма сұранысқа ие, 17 491 дана (22%) сатылған, 20 грамдық құймадан 15 283 дана (19%), 5 грамдық құймадан 14 239 дана (18%), 50 грамдық құймадан 10 603 дана (14%) сатылды.

Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен айырбастау бағамы құбылмалы болып тұрған жағдайда алтын құймаларына инвестиция салу жинақтардың сақталуын қамтамасыз ететін балама құрал бола алады.

Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

25 наурыз 2022 ж. 311 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930