» » Қазақстанда АИ-95 және АИ-92 жанармайларының бағасы төмендеді

Қазақстанда АИ-95 және АИ-92 жанармайларының бағасы төмендеді


«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС компанияның туған күніне орай АИ-95 және АИ-92 маркалы жанармайлардың бағасын қосымша төмендететінін мәлімдеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

1 мамырдан бастап елімізде АИ-95 маркалы жанармай бағасы 10 теңгеге төмендеп, бір литрі 169 теңгеден сатылады. Ал АИ-92 жанармайының бағасы 158 болып белгіленді.
Компанияның туған күніне орай ұйымдастырылған акция көктем мезгілінде қолданылады.
Сонымен қатар компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚазМұнайГаз» жанармай ақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізді.
«ҚазМұнайГаз» электрондық талондар, штрих-кодтар арқылы смартфонның көмегімен жанармай ақысын төлеу тәсілдерін енгізді. Бұл клиенттерге төлем жасау ыңайлы болуы үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта жанар-жағармай құю станцияларында жанармай ақысын байланыссыз төлеу тәсілін іске қосу жоспарлануда», – делінеді компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.


http://stan.kz

02 мамыр 2018 ж. 982 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30