Салымшылар зейнетке деп жиған ақшасын “7-20-25” бағдарламасына қолдана ала ма
Салымшылар зейнетке деп жиған ақшасын “7-20-25” бағдарламасына қолдана ала ма? Елді қызықтырған сауалға Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздің бас банкирі бұл ұсынысты қолдамайтынын ашық білдірді. Себебі:
“Ұлттық банк бұл идеяны қолдамайды. Себебі тұрғындар БЖЗҚ-ға жинап жатқан ақша, олар еңбекке жарамсыз болып қалғанда қажет. Ол дәл қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуге арналмаған. Дәл қазіргі жағдайда біз бұл ұсынысты қабылдамаймыз”, – деді Ақышев парламент жиыны барысында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақышев “7-20-25” бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу қажеттігін түсіндірді.
http://stan.kz
Пікір 2