Алматыдағы ең танымал автокөлік нарығы бұзылатын болды
Алматыда автокөлік бөлшектерін сатушылар нарықтан қуылып жатыр. Кәсіпкерлер бір түнде бизнес пен ақшадан қағылғандарын айтып, шағымдануда. Олардың көпшілігі бірнеше жыл бұрын базардан контейнер сатып алған. Шығынға ұшыраған кәсіпкерлер, контейнер үшін 15-тен 50 мың долларға дейін төледік, дейді. Енді бұл нарық толықтай бұзылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Бұрынғы автокөлік нарығының аумағында кәсіпкерлер контейнерлері мен дүңгіршектерін бөлшектеп, алып кетіп жатыр.
Жеке кәсіпкерлердің бәрі бір аптаның ішінде сауда алаңын толығымен босатуы керек. Бұл нарық он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде көптеген кәсіпкерлер базардан сауда нүктерін сатып алған. Кішігірім бөлмелер үшін орташа есеппен 15-тен 50 мың долларға дейін төлеген екен.
«Қазір бәрі жұмыс істейтін орын іздеп жатыр. Бізге ешқандай өтемақы төленбейді. Олар бізге өздеріңе орын іздеңдер, біз сендерге орын тауып беруіміз, бермейіміз екі талай деді. Ешкім ештеңе білмейді. Мен не болады деп сұрадым. Содан бізге бәрін босатыңдар деді де, қойды. Естуімше бұл ГАСК шешімі және жерді әкімшілік алады екен»,-дейді кәсіпкер Евгений Жиров.
Нарық әкімшілігі саудагерлермен өзара мәмілеге келгенін айтады. Олар бұл жер автокөлік нарығының мешігінде қалады деп отыр. Сонымен қатар, сатушылардың айтуынша автокөлік нарығының жабылуы туралы әңгімелер бірнеше жыл бұрын басталған. Сонда көп адамдар бұған аса мән бермеген.
«Бізге сәуір айының соңына дейін мерзім берген болатын. Нарықты босату туралы мәселе бұрын басталған. Біз тіпті жалға берушілердің өзіне тікелей шықтық. Олар кем дегенде мамыр мерекелері біткенге дейін жұмыс жасауды сұрады. Содан 1-2 мамырдан кейін барлық нүктелерді өздері-ақ бұзып әкетеміз деген болатын. Шын мәнінде олар өздерінің уәделерін орындамады. Қазір олар нарықты босатудан бас тартып отыр. Ескертілген уақытта контейнерлерін бұзып, басқа жаққа кетіп қалғандары да бар»,-дейді «Синма-Инвест» ЖШС директоры Болат Бақтыбаев.
Ал аудан басшылары босатылған жерге үлкен жоспар құрып қойыпты. Жылдың соңына дейін бұл ауданда заманауи автотұрақ, шағын саябақ және жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады екен.
«Кәсіпкерлерді ешкім көшеге қуып жатқан жоқ. Бұл мәселе бастапқыда талқыланды. Оларға «Карсити» әкімшілігінен балама орын берілді. Олардың айтуынша, нарықтың аумағында өзінің дүңгіршектер бар екен. «Автосити» нарығы да осы сияқты жалға беру шарттарымен барлық кәсіпкерлерді қабылдауға дайын. Кәсіпкерлердің саудамен ары қарай айналысулары үшін олардың мүдделері мүмкіндігінше ескерілді»,-дейді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин.
Шенеуніктер Алматыда бір-біріне жақын орналасқан екі маңызды автокөлік нарығының жұмыстарын жақын арада бастауды жоспарлап отыр. Қазір нарық иелері қайта құру жоспарын мақұлдап, жобаның құнын есептеумен айналысуда.
http://stan.kz