Қазақстан қор биржасында доллар бағамы төмендеді
Бүгін доллар бағамы өз поциясиясын жоғалтты. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында ұлттық валютанымыздың АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 340,11 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі KASE-ге сілтеп.
Бейсенбідегі осындай сауда-саттықпен салыстырғандағы айырбас бағамы 0,87 теңгеге төмендеді. Сессия барысында АҚШ долларының ең төменгі бағамы 1 доллар үшін 339,31 теңге, ал ең жоғарғысы 341,18 теңге болды. Сондай-ақ, сауда-саттықтың жалпы көлемі 130,7 млн долларды құрады.
Бейсенбі күні АҚШ долларнының орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 340,98 теңге, күндізгі сессияда 341,32 теңге болды. Ал екі сессияның қорытындылары бойынша 1 доллар 341,18 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 123,8 млн долларды құрады.
http://stan.kz

Пікір 2