» » 7-20-25: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады?

7-20-25: кім, қалай және қандай бағамен пәтер алады?


Осы аптада Алматыда брифинг өткізген Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының бас қаржы операторын таныстыра отырып, қандай банктермен келісімшарт жасалғанын мәлімдеді.
Бұл туралы sputniknews.kz тілшісі хабарлады.

Жеңілдетілген ипотеканы кімдер ала алады?

Жаңа ипотекалық бағдарламаға Қазақстанның кез келген қаласындағы тұрақты жұмысы немесе бизнесі бар адам қатыса алады. Бірақ, атына тіркелген баспанасы болмауы шарт. Және де несие тарихы барынша «таза» болу керек. Ал, балаларыңыз немесе әйеліңіздің атындағы баспана ипотека алуға кедергі келтірмейді екен.
«Қарыз алуға өтініш берген адамның жеке басының мәліметтеріне ғана қараймыз. Өз атына тіркелген жылжымайтын мүлігі жоқ болса жеткілікті. Ал, жақын туыстарының, балаларының, әйелінің немесе күйеуінің, ата-анасының атындағы баспана бағдарламаға қатысуға кедергі бола алмайды», — дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Данияр Ақышев бағдарлама аясында бірнеше қалаларды мысалға ала отырып, ипотеканың орташа құнын есептеп берді.
«Мәселен, азамат Алматы қаласынан максималды 25 жылға 20 миллион теңгенің пәтерін алды делік. Бұл үйдің алғашқы 20 пайыз жарнасы — 5 млн теңге, ал ай сайынғы төлем 140 мың теңгеден сәл асады. Ақтөбені мысалға алайық. Бұл қалада 15 млн теңгеге екі бөлмелі пәтер аламын деген адам 3 млн теңге алғашқы жарна салып, ай сайын 85 мың теңге төлейді» — деп түсіндірді Ақышев.

Ипотеканы ерте жауып тастауға бола ма?

Ия, азаматтарға осы бағдарлама арқылы алған ипотекасын 25 жылға созбай, ерте жауып тастауға мүмкіндік беріледі. Және де несиеңізді ерте төлеп тастағаныңыз үшін ешқандай айыппұл салынбайды.
Бағдарлама арқылы Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында тұратын азаматтар 25 млн теңгеден аспайтын, ал, қалған қалалардағы халық 15 млн теңгеден аспайтын баспана ала алады.
Данияр Ақышевтің айтуынша, бұл бағдарлама «мемлекеттің арқасында күн көруге» емес, азаматтарды жеңіл несиеге қол жеткізу мақсатында әзірленгенін.
«Бұны Елбасы бірнеше рет айтқан. Біздің мақсатымыз — азаматтар жеңілдікпен үй алып, оның қарызын мемлекетке жүктеп қою емес, керісінше ары қарай несиелерін төлей алуы» — дейді Ұлттық банк төрағасы.

Ипотека алу үшін қандай банктерге бару керек?

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының операторы ретінде жаңадан ұлттық компания құрылды. Ол Ұлттық банктің еншілес «Баспана» деп аталатын компаниясы. «Баспана» операторы «7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека беретін 7 банкпен келісімшартқа қол қойған.
Олар: Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, RBK, Халық банк, Цесна банк және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Енді аталған банктердің бөлімшелеріне барып, жаңа ипотекалық бағдарламаға құжат тапсыра берсеңіз болады. Жыл соңына дейін бұлардың қатарына Сбербанк пен Форте банк қосылады.
Брифинг өткен уақытта Алматы, Ақтау, Астана, Өскемен және Орал қалаларынан жеті  адамның «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алып үлгергені белгілі болды.

Қандай үй іздеп, қандай құжаттар ұсыну қажет?

Ең басты жаңалық — бастапқыда бағдарлама арқылы тек жаңа үйлердегі пәтерлер ғана сатылады. Екінші деңгейлі пәтерлерді сатып алу бағыты кейін жүзеге асырылмақшы.
Бұл жерде, әрине, үйлерін әлі ала алмай жүрген үлескерлер еске түседі (айтпақшы,бұл  бағдарлама бойынша үлескерлік арқылы да үй алуға болмайды). Бірақ, Ұлттық банк пен Үкімет құрылысы толық аяқталмаған және құжаты дайын емес үйлердегі пәтерлерге ипотека берілмейді дейді. Ипотека алу үшін банкке барғанда үйдің құжаты міндетті анықтама болып есептелген. Сондықтан, «7-20-25» арқылы үй аламын десеңіз, қалаңыздағы жаңа тұрғын үй кешендерінен пәтер іздеу керек.
Үй құжатынан басқа, азаматтың кірісі туралы анықтама, басында басқа ипотека бойынша қарызы жоқ деген мәлімет және жазғанымыздай, баспанасы жоқ екендігін растайтын анықтама әкелу керек.

Жаңа бағдарлама тұрғын үй нарығын қымбаттатып жібермей ме?

Көптің алаңдап отырғаны да осы сұрақ. Яғни, жеңілдетілген ипотека бойынша халық жаппай үй ала бастаса, сұраныс артып, баға өсіп кетпей ме деп алаңдаған азаматтар өте көп. Ұлттық банк төрағасы тұрғын үйдің бағасы бұдан өзге де көптеген факторларға тәуелді дейді.
«Тұрғын үйдің нарықтағы бағасы көп факторға байланысты қалыптасады. Біріншіден, ұсыныс пен сұранысқа байланысты. Біз сұранысты ынталандырып отырмыз, енді ойға қонымды ұсыныс табылып, осы екі баланс сақталса, баспана бағасы шарықтай қоймайды деп ойлаймын», — дейді Данияр Ақышев.
Естеріңізге сала кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыз айында өткен парламент палаталарының отырысында «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынған еді.  Бағдарлама шілдеден бастап іске қосылды.



https://qazaquni.kz
09 шілде 2018 ж. 1 130 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 00:28
Levitra Gegen Zu Fruhes Kommen viagra Plus Fort Que Le Viagra

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 02:12
Compra Levitra Generico Finasteride Generic Online tadalafil cialis from india Gratuit Levitra Hydrochlorothiazide Drugs No Prescription

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031