Теңге құнсызданып барады: Доллар курсы 350 теңгеге жақындады
KASE күндізгі есебі бойынша, доллар курсы 348,21 теңге болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Ақша айырбастау нүктелерінде доллардың сатып алу бағасы 348,7 теңге, сату бағасы – 349,5 теңгені көрсетіп тұр.Сарапшылардың айтуынша, теңге мұнай бағасының төмендеу себебінен әлсіреп кетті.
Сәрсенбі күнгі саудаға байланысты, атап айтқанда АҚШ-тағы тауар қорының ұлғаюы себебінен қытайлық тауарларына салынатын салық өскендіктен, мұнай бағасы төмендеуде, деп хабарлайды Dow Jones.
Айта кетейік, бұл соңғы екі жылдағы теңгенің ең төменгі әлсіреуі. 2016 жылы 4 тамызда доллар 354,01 теңге болды. Алайда 2016 жылдың соңына дейін 333 теңгеге түсті.
Stan.kz