Ақтөбеде бюджет қаржысын дұрыс игермеген басшылар жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында қазынадан бөлінген қаражатты дұрыс игермеген басшылар қызметтерінен босатылған. Қазіргі таңда 6 азамат жазаға тартылыпты. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін Астанадағы Есеп комитетінің отырысында Ақтөбе облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.
Жиын барысында өңірдегі автомобиль жолдар басқармасы 2016-2017 жылдары бірқатар жобаларды іске асыру кезінде бюджет заңнамасын және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның талаптарын сақтамау фактілеріне жол бергені белгілі болды. Мысалы, мердігер ұйымның жұмыс көлемдерін орындамағанына қарамастан 2016 жылы қыркүйекте «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автомобиль жолының 267-307 учаскесін реконструкциялау объектісі қабылданған. Бұл ретте жалпы сомасы 70,3 млн теңгеге жұмыстар бекітілген. Алайда жұмысты атқару барысында заң бұзылған.
Сондай-ақ облыста 11 жобаны іске асыру кезінде жалпы соммасы 375,5 млн теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалмаған. Сонымен қатар сапасыз атқарылған жұмысқа қаржы бөлінген.
Ал 2016 жылы Ақтөбе қаласында 300 төсек-орынға арналған облыстық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы басталған. Алайда 2017 жылдың құрылыс тоқтатылған. Соған қарамастан облыстық құрылыс басқармасы 2017 жылдың сәуірінде мердігер компанияға 1 млрд 5 млн теңге көлемінде аванстық төлем аударған.
Есеп комитетінің мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы соммасы 468 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықтады.
Сондай-ақ тексеріс барысында 1 млн теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 15 млн теңгеге тиімсіз жоспарлау фактілері, әрі 174 рәсімдік бұзушылықтар деректері анықталды.
Осы орайда Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов алдағы уақытта анықталған кемшіліктер жойылатынын айта келе, мемлекет қаржысын дұрыс игере алмаған басшылар қызметтерінен босатылғанын атап өтті.

Айта кетейік, есеп комитеті отырысының қорытысындысы бойынша Үкіметке ұсынымдар берілді. Ақтөбе облысының әкімдігіне анықталған бұзушылықтарды жою, бюджет және өзге заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.«Кемшіліктердің басым бөлігі 2016 жылы тіркелді. Республикалық бюджетке 400 млн теңгеге қайтарылды. Сондай-ақ қазынаға қосымша 50 млн теңге бөлінеді. Азаматтар тәртіптік жазаға тартылды. Кейбір басшылар қызметінен босатылды. Қазіргі таңда 6 азамат жауапкершілікке тартылуда. Облыстық әкімдік олқылықтардың орнын толтыру үшін жұмыстарды жүргізеді», - деді ол отырыстан кейін журналистерге.
Baq.kz
Пікір 2