» » Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады

Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады

© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады
Ұлттық банк өкілдері теңгенің әлсіреу себептерін атады. Олардың мәліметінше, еркін өзгермелі айырбастау бағамының саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомстводағылардың мәліметінше, теңге бағамының ұзақ мерзімді үрдісіне іргелі факторлар әсер етеді, оларға негізінен мұнай бағасы, негізгі сауда әріптес елдері валюталарының бағамдары, сондай-ақ, төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер жатады. "Соңғы уақытта Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) монетарлық саясатының қатаңдауы аясында портфельдік инвестициялардың әкетілуіне байланысты көптеген дамушы нарықтардың ұлттық валюталарының әлсіреуі байқалады, бұл тұрғыдан Қазақстан ерекшеленген жоқ. Сонымен бірге бағалардың нарықтық конъюнктурасы және экономика өсуінің оң қарқындары теңгеге қолдау көрсетті және қалған факторлардың әлсіреуші әсерін жұмсартты, бұл теңге бағамының АҚШ долларына қатысты салыстырмалы түрде алғанда шамалы әлсіреуінде көрінді", - деді Ұлттық банк өкілдері.

Сондай-ақ, еркін өзгермелі айырбастау бағамының қолданыстағы саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік беретіні айтылады. "Шетелдік инвесторлардың портфельдік инвестициялары Қазақстанның валюта нарығына әсер ету факторы ретінде жеке ескеруді талап етеді. Қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығында Ұлттық Банктің ноттарын ұстаушы бейрезиденттер көлемінің және айырбастау бағамының кері тәуелділігі байқалады", - дейді банктегілер.


Наурызда байқалған ұстаушы бейрезиденттердің ең көп көлемі - 453,9 миллиард теңге (баламасы 1,43 миллиард теңге АҚШ доллары) 2018 жылы ұлттық валютаның нығаю шыңына (наурыздың соңындағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 318,31 теңге) сәйкес келеді. Мамырдан бастап ұстаушы бейрезиденттердің үлесі дамушы нарықтардан портфельдік инвестициялар ағынының жалпы үрдісі және ФРЖ монетарлық саясатын қатаңдату бойынша кейінгі күтулер аясында төмендей бастады. 2018 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша, ұстаушы бейрезиденттердің көлемі 158,5 миллиард теңге (баламасы 0,45 миллиард АҚШ доллары) болды, соңғы 4 айда бейрезиденттер 900 миллион, АҚШ долларына жуық сомаға бағалы қағаздар нарығынан шықты (шығу сәтіндегі теңге бағамының мәндерін ескере отырып), бұл валюта нарығына әсер етпей қойған жоқ. Резиденттердің экспорттық кірістерінің өсуімен байланысты сауда балансындағы едәуір оң жағдайға қарамастан, Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты шетелдік инвесторлардың кірістерді шығаруынан теріс болып қалуда. 2017 жылы бейрезиденттерге кірістер төлемдері 19 миллиард АҚШ долларына жуық болды.


"АҚШ монетарлық саясатына келетін болсақ, ФРЖ сәрсенбідегі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Ашық нарықтар жөніндегі комитет ілеспе түсініктемелерінде экономикалық белсенділіктің үдемелі өсу қарқындары, жұмыссыздықтың төмен деңгейде сақталуы және үй шаруашылықтары мен бизнестің негізгі капиталға үдемелі шығыстары (инвестициялар) туралы белгі берді. ФРЖ экономика мен инфляцияның қалыпты өсу қарқындарын сақтау үшін өзінің индикативтік мөлшерлемесін одан әрі біртіндеп арттыруды қайталап көрсетті, сол арқылы осы жылғы үшінші рет қыркүйектегі қатаңдатуға негіз дайындады. Нарық күтулеріне сәйкес, қыркүйекте мөлшерлеменің өсу ықтималдылығы 92 пайыз, ал желтоқсанда қайтадан өсу ықтималдылығы 73 пайыз болды. ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі аясында көптеген инвесторлар барынша тәуекелді активтерден, атап айтқанда дамушы нарықтардан басымдықтарын АҚШ қазынашылық облигацияларына өзгертуде", - деді Ұлттық банк өкілдері.

kaz.tengrinews.kz



03 тамыз 2018 ж. 679 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930