» » Қостанайлық оқушыларға робот-мұғалім сабақ беретін болады

Қостанайлық оқушыларға робот-мұғалім сабақ беретін болады

ÒоÑÑанайлÑÒ Ð¾ÒÑÑÑлаÑÒа ÑобоÑ-мұÒалÑм ÑÐ°Ð±Ð°Ò Ð±ÐµÑеÑÑн боладÑ

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «Озат» IT-лицейінде және қалада салынып жатқан бірқатар нысандарда болып қайтты.


Бұл туралы Қостанай жаңалықтары басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Лицей оқушыларын қандай жаңалықтардың күтіп тұрғанын «Озат» ақпараттық технологиялар лицейінің директоры Ерлан Бекішев айтып берді.
Енді лицейдің бірінші қабаты түгелдей IT-технологияларға арналатын болады. Бірінші қабаттағы жөндеу жұмыстары 90% -ға орындалған. Қазіргі уақытта мектеп ұжымы жаңа жабдықтардың келуін күтуде. Мұнда мобильдік сыныптар жасалып оқушылар күн батареяларымен, 3D-модельдеу жұмыстарымен айналысатын болады. Сондай-ақ, әкімге IT-технологияларға арналған лицейдің бірінші қабаты көрсетілді.
«Бұл жылы оқушыларға робот сабақ беретін болады. Ол толық автономды түрде жұмыс істейді. Бұл робот оқушылармен логикалық диалог орнатады және олардың кез-келген сұрағына жауап бере алады. Жақын уақытта роботты Қостанайға жеткізуі керек », – дейді лицей директоры Ерлан Бекішев.
Бұдан басқа, лицейде анимация және кинематография студиясы ашылады. Сондай-ақ, «Озат»-та киберспорт бойынша чемпиондарды дайындайтын болады және тақырыптық кабинет ашылады. Сонымен қатар, залда оқушылар мен олардың ата-аналары сабақ кестесін қарайтын және өз жобаларының тұсаукесерлерін өткізетін LED экраны орнатылады.
Stan.kz

05 тамыз 2018 ж. 836 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930