Рубль әлсіреген соң ақша айырбастау орындарында доллар 350 теңгеден асты
Ресейде рубльдің рекордтық деңгейде әлсіреуінің нәтижесінде ақша айырбастау орындарында доллар 350 теңгеден бастап сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кurs.kz мәліметінше, сағат 9.35-тегі жағдай бойынша ақша айырбастау орындарының басым бөлігінде ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 352-352,2 теңгеге бағаланып отыр. Еске сала кетейік, 8 тамыздағы KASE биржасының күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 348,98 теңгеге тең болған еді.
Сарапшылардың мәліметінше, ресейлік валюта бағамының әлсіреуі АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы туралы заң жобасындағы ережелердің тұрлаусыздығымен байланысты.
Tengrinews.kz