Qazaq Banki мен Эксимбанк операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылды
ҚР Ұлттық банктің шешімімен, «Qazaq Banki» АҚ банктік және басқа да операцияларды жүгізе алмайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Эксимбанк Қазақстан” пруденциялық нормативтердің, нормативтік-құқықтық акттердің дұрыс жүрмеуіне жіне қосымша капитализация бойынша уәкілетті органның талаптарын атқармауына байланысты Ұлттық банк осындай шешім қабылдады.«Qazaq Banki» АҚ келісім міндеттерін бұзуына, нормалар мен лимиттерді өзгерткеніне байланысты лизензиясынан айырылып отыр.
Ұлттық банк мәліметінше, бұз өзге банктердің жұмысына кедергі болмайды.
«Ұлттық банк төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы бұйрығына сәйкес, банктердің уақытша әкімшілігі тағайындалды. Оларға банктерді басқарудағы барлық органның құзіреттілігі беріледі. Уақытша әкімшілік сот ликвидациялық комиссияны тағайындағанша жұмыс жүргізеді. 2018 жылдың 28 тамызынан бастап уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде қарастырылған шығындардан, банкке түсіп жатқан аударым ақшадан басқа жағдайдың бәрінде клиенттердің барлық банк шоттары мен банктердің өздері бойынша операциялар тоқтатылды. Бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша Ұлттық банк банктердің жұмысын тоқтату туралы сотқа жүгінеді», – делінген хабарламада.
Осыдан соң «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына мәлімдеме жасады.
«Банк құнды қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізу лицензисынан айырылуына байланысты, салымшылардың теңгемен және шетел валютасымен сақтаған депозиті, есепшоты, төлемдері Қазақстандық кепілдендірілген депозиттер қорымен кепілдендіріледі. Соттың мəжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданған жағдайда, KFGD жеке салымшыларға кепілдік өтемді төлейді», – делінген хабарламада.
Теңгемен сақталған депозит жөнінде 10 млн теңгеге дейін, шетел валюсасымен сақталған депозит 5 млн теңгеге дейін сақталады. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер, жеке сот орындаушылары, нотаиустер мен адвокаттар Қазақстандық кепілдендірілген депозиттер қорымен кепілдендіріледі.
Банктік шоттағы баланс өтелуге жатады. Банк есептеген сыйақыға кепілдік берілмейді. Егер банк салымы шарты бойынша сыйақыны капиталдандыру көзделсе, капиталға айналған сыйақы депозиттің негізгі сомасына қосылады және кепілдік нысаны болады.
«Qazaq Banki» АҚ-тегі жеке тұлғалардың депозиттер сомасы 23 млрд. теңге. Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 19,6 млрд. теңге өтемақы сомасын төлеу бойынша міндеттеледі.
Ұлттық Банктің Төрағасының тапсырмасы бойынша «Qazaq Banki» АҚ барлық басқару органдарының өкілеттіктері берілген уақытша әкімшілік тағайындалды. Уақытша әкімшіліктің қызметкерлері Ұлттық Банктің мамандары болды.
«Qazaq Banki» АҚ уақытша әкiмшiлiгi тарату комиссиясын сот тағайындағанға дейiн күшiне енедi. Уақытша әкімшілік банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, банк басқаруы, банктің активтерін анықтау, ұйымның активтерін, міндеттемелерін және құжаттарын түгендеуді жүзеге асыру үшін тағайындалған. Уақытша әкімшілік өз қызметі барысында «Qazaq Banki» АҚ активтері мен міндеттемелерін эквайер банкке бір уақытта беру мүмкіндігін бағалайды.
«Qazaq Banki» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚФГД операциялық қазақстандық банктердің қайсысы «Qazaq Banki» АҚ-ның агенттері ретінде жұмыс істейтінін хабарлайды.
Төлем туралы және салымшылармен есеп айырысуды бастайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол тұрақты қаржылық жағдайы, кең филиалдық желісі және инфрақұрылымы бар банк болып табылады. Бүкіл ел бойынша салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл банк «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАНКІ »АҚ-ның салымшылары мен ҚМҚҚ қаражаты есебінен жұмыс істейтін болады.
Таңдалған агент банкінің КФГД-н жарияланғаннан кейін, салымшылар кепілдік өтемді төлеу туралы өтінішпен банктің филиалына өтініш жасайды. Агент банк құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Stan.kz