» » АҚШ-та бұғатталып жатқан 22 миллиард доллардың тағдыры шешілді

АҚШ-та бұғатталып жатқан 22 миллиард доллардың тағдыры шешілді

Алматыда Ұлттық банк. Фото: Sputnik Қазақстан

Ұлттық қордың активтеріне қойылған шектеу алынып тасталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

23 қаңтар күні Амстердамның округтік соты Ұлттық банктің Ұлттық қор активтеріне қойылған шектеуді алып тастау туралы өтінішін қанағаттандырды. Қаржы Bank of NewYork Mellon банкінде сақтауда болған.
Сот Ұлттық банк пен Қазақстан Әділет министрлігінің Ұлттық қор активтеріне қол сұғуға болмайтыны туралы ұстанымымен келісті.
Бұған дейін голландиялық сот молдавиялық бизнесмен Анатол Статидің аталмыш активтерді бұғаттау туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. Ол бұл фактіні жасырып, сотты жаңылыстырған.
Сот Статиді қазақстандық тараптың сотқа кетірген шығындарын өтеуге міндеттеді.
Дәл осындай алдын ала бұғаттау бельгиялық сот органдары тарабынан да жасалған. Оның күшін жоюға бағытталған жұмыстар өз кезегінде жүргізіліп жатыр.

NUR.KZ
24 қаңтар 2018 ж. 1 256 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 405

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031