22,7 мыңнан астам автокөлік құралы Қазақстанда шығарылған
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы автомобиль кәсіпорындарының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындар одағы 2018 жылдың 9 айындағы республика автоөндірушілерінің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берді.
Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстанның аумағында жалпы құны 140,9 млрд теңге тұратын автокөлік құралдарының 22 709 бірлігі (жеңіл, жүк автомобильдерін, автобус техникасын, арнайы автокөліктерді және тіркемелерді қоса алғанда) өндірілген. Заттай көріністе шығару көлемдері өткен жылғы көрсеткіштен 70,3%-ға асып түскен.
Жеңіл автомобильдердің өндірісі 82,6%-ға өсіп, 21 137 бірлікке жетті. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша автобус техникасын шығару 1,9 есе қысқарды. Жүк автомобильдерінің өндірісі (802 бірл.) сондай-ақ 17,2%-ға төмендеді. Арнайыланған автотехниканы шығару 144-тен 151 бірлікке дейін, тіркемелерді шығару – 199-дан 388 бірлікке дейін өсті.
2018 жылдың қыркүйек айының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 3 244 бірлік автокөлік құралдары шықты, бұл көрсеткіш 2017 жылдың нәтижесінен 2,2 есе (1 503 бірл.) асып түседі.
Отандық автозауыттардың өтімі жыл басынан 20 644 бірлікке жетті, бұл былтырғы жылдың мәнінен 58,2%-ға жоғары (13 052 бірл.). Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі, өткен жылдың осындай кезеңіндегі 36,8% қарағанда, 47,3%-ға дейін өсті. Жергілікті өндірілген автомобильдерді сатып алу үшін республика тұрғындарының шығыстары 119,7 млрд теңгені құрды – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 59,6%-ға жоғары.
Жергілікті құрастырылған автомобильдердің сараланымында үстем жағдайды «АЗИЯ АВТО» АҚ алып отыр – 11 802 сатылған автомобиль, немесе отандық техниканың жиынтық өтімінің 57,2%-ы. «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС 7 866 бірлікті өткізген (сараланымдағы үлесі – 38,1%). Бұдан әрі отандық автоөндірушілер өнімін өткізу рейтингінде «СемАЗ» ЖШС (392 бірл.; 1,9%), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (315 бірл.; 1,5%), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (177 бірл.; 0,9%) және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (92 бірл.; 0,4%) орналасқан.
Ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық құрастырылған жеңіл автомобильдерінің ең көп талап етілген брендтердің бестігін Lada (9 414 бірл.), Hyundai (5 494 бірл.), KIA (1 658 бірл.), JAC (978 бірл.) және Chevrolet (715 бірл.) құрды. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізіміне сондай-ақ Ravon (552 бірл.), Skoda (512 бірл.), Peugeot (132 бірл.) және SsangYong (14 бірл.) кірді.
Жергілікті өндірістің жеңіл автомобильдерін сату рейтингінінің басында Lada Granta (2 771 бірл.), Lada 4x4 (2 322 бірл.) және Hyundai Tucson (1 890 бірл.) тұр. Қазақстандықтардың арасында ең танымал модельдер тізімін сондай-ақ Lada Vesta (1 843 бірл.), Lada Largus (1 421 бірл.), Hyundai Accent (1 223 бірл.), Hyundai Elantra (1 151 бірл.), Hyundai Creta (1 112 бірл.), KIA Sportage (683 бірл.) және Lada XRAY (680 бірл.) толықтырды.
2 728 автомобиль 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішінде жеңілдікті автокредиттердің мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына сатылды. 13,2% жергілікті өндірістің автомобильдерінің сатулары олардың үлесіне келді.
Ескі автомобильдерді сатып алу бойынша бағдарламаның шегінде қазақстандықтар 2018 жылдың басынан бастап 20 224 бірлік техниканы пайдаға асыруға өткізді. ПШКҚ пайдаға асыру бағдарламасының екінші сатысын жүзеге асыру нәтижелері бойынша жаңа көлік құралдарын сатып алу үшін 10 898 шегерімді сертификаттар берілген болатын. Барлығы автосалондарда 11 408 сертификат пайдаланылған, оларға қазақстандықтар отандық өндірістің 6 201 автомобилін сатып алды.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша республиканың ЖІӘ құрылымына сала кәсіпорындарының салымы 140,9 млрд теңгені құрды (бір жыл бұрынғы көрсеткішке +50,7%), бұл фармацевтикалық пен жеңіл өнеркәсіптің ұқсас сандарынан айтарлықтай асып түседі. Автоөнеркәсіптің кәсіпорындарының негізгі капиталға инвестициялары есептік кезеңде 1,042 млрд тенгеге жетті.
«КазАвтоӨнеркәсіп» ҚАСКО» ЗТБ-ның баспасөз қызметі
Пікір 2