» » Бір жылда Қаазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі 38 пайызға артты

Бір жылда Қаазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі 38 пайызға артты

Қазақстанда автомобиль өндірісі артып келеді. Бұл туралы Energyprom.kz мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл ішінде жеңіл автокөлік өндірісі 38 пайызға өсті. Автокөлік құралдарын, тіркемелерді және жартылай тіркемелерді өндіру көлемі Қазақстанда үшінші жыл қатарынан артуда. Бұл тұрғыда биылғы қаңтар-сәуірде осы өнімдердің жалпы сомасы 83,9 млрд теңгеге жетті. 2018 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 145,8 пайызды құрады», - делінген таратылған мәліметте. Белгілі болғандай, 2019 жылғы сәуірде отандық автозауыттарда 4,05 мың көлік шығарылды. Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 39,5 пайызға артық және былтырғы сәуір айына қарағанда 65,8 пайызға жоғары. «Жалпы, 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 12,87 мың автокөлік құралдары шығарылып, бір жылдағы өсім 39,2 пайызға жетті. Оның ішінде 94 пайызы жеңіл көліктер (12,11 мың көлік), яғни 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 37,9 пайызға артық.  Сонымен қатар, 307 жүк көлігі, 203 автобус, 230 тіркеме, 17 арнайы көлік өндірілді», - делінген Energyprom.kz хабарламасында.

inform.kz
13 маусым 2019 ж. 857 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30