Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,65 долларға қымбаттап, 65,35 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,36 долларға көтеріліп, бір баррелі 57,43 доллар болды.
inform.kz








