» » 12 жыл құрсақ көтере алмаған: Шымкентте 33 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді

12 жыл құрсақ көтере алмаған: Шымкентте 33 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді

Шымкентте 12 жыл құрсақ көтере алмай жүрген әйел үшемді өмірге әкелді. 


12 жÑл ÒÒ±ÑÑÐ°Ò ÐºÓ©ÑеÑе алмаÒан: ШÑмкенÑÑе 33 жаÑÑаÒÑ Óйел Ò¯ÑÐµÐ¼Ð´Ñ Ó©Ð¼ÑÑге ÓкелдÑ


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл 33 жастағы Аида Баянболованың алғашқы жүктілігі. 12 жыл құрсақ көтере алмаған әйел жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы ана атанған. Ол бір ай бұрын үш қызды дүниеге әкелді. Дәрігерлер мерзімінен бұрын туылған шақалақтарды бір ай күтіп-бағып, осы аптаның басында үйіне жіберді. 
«Өте қуаныштымын, Аллаға шүкір, осындай ана бақытын сезінуді бәріне тілер едім. Бұл керемет сезім», - дейді Аида Баянболова. 

Ата-анасы үшемге Айзия, Айзере және Алуа деп есім беріпті. Олардың үлкені 2,4 келі салмақпен туылса, өзгелерінің салмағы 2 келіден сәл-ақ асады екен. 

Сонымен қатар қалада тағы бір ана үшемді өмірге әкелген. Ол жүктілігінің 32-аптасында босанып қалғандықтан, шақалақтар жансақтау бөлімінде жатыр.

«Бұл біздің қаламызда жыл басынан бері туылған алғашқы үшемдер. Екеуі қатар дүниеге келіп отыр. Алғашқысын шығардық, міне, екіншілері жансақтау бөлімінде. Ерте туылған нәрестелердің салмақтары өте аз. Бірақ соған қарамай №1 перинатальдық орталық дәрігерлері бар күшін салып, сәбилерді оңалтуда. Анасының да көңілі тоқ», - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная. 

28 маусым 2019 ж. 11 564 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930