» » Жаңа білім министрі: оқуға түсе алмаған талапкерлерге грант беріледі

Жаңа білім министрі: оқуға түсе алмаған талапкерлерге грант беріледі

Биыл көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант бөлінеді.

Ðаңа бÑлÑм миниÑÑÑÑ: оÒÑÒа ÑÒ¯Ñе алмаÒан ÑалапкеÑлеÑге гÑÐ°Ð½Ñ Ð±ÐµÑÑледÑ

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қосымша гранттардың қалай таратылатынын айтып берді, деп жазады sputniknews.kz. Минстрдің айтуынша, биыл қосымша 5 мың грант көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Гранттардың қаражаты трансфер арқылы жергілікті әкімдіктерге аударылады. Атқарушы органдар өз кезегінде өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтардың тізбесін жасайды. Одан кейін конкурс негізінде гранттарды таратады.

"Конкурсқа қатысу үшін талапкер ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балын жинауы қажет. Жалпы, осы грантқа ие болу үшін үміткерлер, ең алдымен, жылдағыдай негізгі 53 785 грантқа 21-31 шілде аралығында республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынайды. Ал сол жалпы конкурс бойынша грантқа ие болмаған көпбалалы отбасыдан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы талапкерлер қосымша берілген жаңағы 5 мың грантты алу үшін тамыз айының 5-10 аралығында келесі конкурсқа қатысуға жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады", - деді Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, қосымша гранттар ҰБТ-ның ұпай санына қарай тағайындалады. Ал жеңімпаздардың тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

"Осы грант иегерлеріне әдеттегідей 20 949 теңге көлемінде стипендия тағайындалады. Сонымен қатар, демалыс кезінде жылына екі рет жол жүру өтемақысы төленеді", - деп атап өтті министр.


ERNUR.KZ
02 шілде 2019 ж. 622 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 726

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031