» » Полиция тоқтатқан: Қызылорда тұрғыны жұмбақ жағдайда көз жұмды

Полиция тоқтатқан: Қызылорда тұрғыны жұмбақ жағдайда көз жұмды



Тәртіп бұзған ер адамның неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.
Қызылорда тұрғыны полиция ұстаған кезде көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Ресми органның мәліметіне сәйкес, ер адам есінен танып қалған, бірнеше минуттан соң қайтыс болыпты.
"10 шілде күні түнде 43 жастағы Қызылорда тұрғыны мас күйінде көлік жүргізген. Полиция оған заңды түсіндірді. Қызметтік көлікке апара жатқан кезде ер адам есінен танып қалды", - дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жәрдем қызметін бірден шақырыпты. Алайда ер адам дәрігерлер келгенше көз жұмған.
"Қызылорда облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы кісі өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталады", - дейді полиция қызметкерлері.
Болған оқиға полиция көлігінің видео тіркеуішіне түсірілген екен.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмағаны айтылған.




https://syrboyi.kz
12 шілде 2019 ж. 2 106 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930