Шымкентте ескі гараждан төрт жасар қыздың денесі табылды (фото)
Шымкентте МЖК ауданында төрт жасар қыздың денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршінді өлтіріп кеткен деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Көршілердің сөзінше, марқұм қыз денесі табылған жерден 500 метр қашықтықта анасымен бірге тұрған. Келесі айда ол төрт жасқа толатын еді. Қазіргі таңда оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Халипа есімді жергілікті тұрғын марқұм қыздың анасынан не себепті оны жалғыз қалдырып кеткенін сұраған. Қайғыдан қан жұтқан ана ол кезде жұмыста болғанын айтып, орын алған оқиға өзі үшін нағыз шок күйіне түсіргенін жеткізді. Бұл оқиғадан кейін Халипа әже өзінің немерелері үшін қорқатынын айтып отыр.
Басылымның жазуынша, оқиға орын алған аудан Шымкенттегі аса қылмыстық мекендердің бірі болып саналады. Гараждардың қасынан үйі жоқ кезбелерді, наркомандарды және алқаштарды жиі кездестіруге болады.
Криминалист мамандар қылмыс орын алған жерде жатқан бөтелкелерден саусақ іздерін жинап алды. Оған қоса, бойы 180 см болатын, арықтау келген, шамамен 39 жастағы азаматтың іздестіріліп жатқаны анықталды.
Оқиға орнына жүгіріп келген қыз баланың әкесі оны көтеріп, үйге алып кірген. Сол жерден балақайдың денесін сараптамаға жіберген.
Әйел адамның сөзінше, бүлдіршіннің үстінде іш киімі болмаған. Сонымен қатар, беті көк түсті болып көрінген.