» » Киікті қорғау: Тағы бір инспектор браконьер қолынан мерт болды

Киікті қорғау: Тағы бір инспектор браконьер қолынан мерт болды

Ақмола облысында браконьерлермен күрескен табиғатты қорғау инспекторы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Державинск қаласының аудандық ауруханасына жеткізілген «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторы оқ жарақатынан қайтыс болды. Екінші инспекторға сол ауруханада ота жасалып жатыр», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған.
Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.
Еске сала кетсек, жыл басында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан браконьерлер екі инспекторды жаралаған еді. Ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмды.
24 шілде 2019 ж. 544 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930