» » Болашақ жарды қалай таңдайсыз?

Болашақ жарды қалай таңдайсыз?

Әркімнің өзіндік арманы, мақсаты болады. Бірі байлыққа құмартса, бірі даңқты армандайды. Әркімнің қалауы – мінезінен хабар береді. Бірақ барлық адамға тән бір арман – сүйгенін тауып, сүйікті болу.
Махаббат бізге жайлылық пен жылу береді. Барлық қиындықтар мен мәселелердің шешімін табуға махаббат сезімі итермелейді. Сүйікті адамыңның құшағында өзіңді қауіпсіз сезінесің, ешнәрседен қорықпайсың. Біреуге ғашық болғаныңда онымен бақытты болатын болашақты елестете бастайсың. Алайда ол расында да сіздің болашақ жарыңыз болуға лайық па?
Әлде сіз сезімге мастанып, оның тек жағымды жақтарын көріп, ұнамсыз жақтарын байқамайсыз ба? Болашақ жарыңызды кездестіргеніңді растайтын белгілермен танысыңыз: Оның жанында жасанды емессіз Ол сізді шын сүйеді. Барлық жағымды, жағымсыз жақтарыңызды танып-білген ол сізді ештеңеге қарамастан жақсы көреді. Оны қызықтырмайтын әңгіме айтсаңыз да, кей кезде жалқауланып қалсаңыз да, еркелікпен ұрыс шығарсаңыз да ол сізді сүйеді. Жақсы көрмейтін жігіт «сабаңа түскен соң келерсің» деумен безеді. Мұндай адамға сіз тек жайдары күйде керексіз.
Сенің бақытың – менің бақытым Ол сіздің бақытты жүзіңізді көру үшін бәріне дайын екенін көрсеңіз, болашақ жарымды таптым деп есепттеңіз. Бақытты болсам деп емес, оны бақытты етсем деген адамдар бақытты жұп бола алады. Сіз қызығатын дүниелер оның өмірінің бір бөлігіне айналды. Сізге ләззат сыйлайтын нәрселерге ол да құмартады. Иә, кейбір нәрселерді ол түсінгісі келсе де, түсіне алмайды. Бірақ, бастысы ниет емес пе? Уақыты аз болса да, бос уақыты болмаса да сүйікті қызына хабарласып, хәлін білуге кез келген жігіттің шамасы келеді. Осындай әрекетті де бағалаңыз. Бірге болуды қалайсыз Ауыр күннен соң көңіл-күйге қарамастан оның жаныңызда болғанын қалайсыз.
Сіз өміріңізді онсыз елестете де алмайсыз. Белгілі бір мәселе туындағанда оған айтып, шер тарқатасыз. Ол сізді мұқият тыңдап, шешімін табуға көмектеседі. Сізге сын айтып, кінәлай түспейді. Сіздің пікіріңізбен санасатын жігітті бағалаңыз. Мұндай дүниелер сіздердің қарым-қатынасыңызды нығайта түседі.

ÐолаÑÐ°Ò Ð¶Ð°ÑÐ´Ñ Òалай ÑаңдайÑÑз?

Massaget.kz
24 шілде 2019 ж. 424 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930