» » Қызметкердің мансаптық өсуі төменгі лауазымдардан басталғаны дұрыс

Қызметкердің мансаптық өсуі төменгі лауазымдардан басталғаны дұрыс



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен белгіленген кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында 2015 жылы елімізде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған Заңның жаңашылдығы мемлекеттік қызмет жүйесінің «позициялық мансаптық» модельден «мансаптық» модельге өтуі болды.
Қажетті тәжірибесіз басшы лауазымға тағайындалу мүмкіндігін қарастыратын позициялық модельге қарағанда, қазір мемлекеттік қызметке қабылдану төменгі лауазымдардан бастап жүзеге асырылады.
Конкурстық негізде төменгі лауазымнан жоғарғы лауазымға тек кемінде бір жыл еңбек өтілі бар болған жағдайда, кезең-кезеңмен мансаптық өсу қағидаты заңды түрде бекітіліп, қызметте жүрген мемлекеттік қызметшілердің жоғарғы лауазымдарға орналасу басымдылығын көздейтін ішкі және жалпы конкурстар институты енгізілді.
Қазіргі таңда, өңірімізде меритократия қағидасы тек қана теория жүзінде емес, нақты ереже ретінде қалыптасып келеді.
Оның айқын дәлелі, 2019 жылдың І жартыжылдығында өңіріміздегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткізілген ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі 78,8 пайызға жетті.
Елімізде мемлекеттік қызметтің реформасы бастау алған алғашқы 2016 жылы бұл көрсеткіш небәрі 59,6 пайызды ғана құраған еді. Ал, 2017 жылы бұл көрсеткіш 65,7 пайыз, 2018 жылы 73,1 пайызды құрап, ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі жылдан-жылға артып келеді.
Міне осылайша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген әрбір басшының мансаптық өсуі төменнен басталып, барлық басқару баспалдақтарынан өтуі тиіс деген ұстаным өңірімізде іс жүзінде жүзеге асырылып келеді.


Бақытжан НҰРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы

24 шілде 2019 ж. 441 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930