» » Қан қысымының төмендігі: сырқат па, әлде дімкәстік пе?

Қан қысымының төмендігі: сырқат па, әлде дімкәстік пе?

Кейбір деректер бойынша, «гипотония» диагнозы көбіне Германияда қойылады екен, ал қалған елдерде дәрігерлер бұл «неміс ауруын» үйреншікті жағдай деп қабылдайды. Қан қысымының төмендігі сырқат болып саналмайды (барлық медицина оқулықтарында солай делінген), алайда дәрігерлердің соңғы кездері бұл диагнозды қоюы жиілеген. Германиядағы Mediline компаниясының ақпараты бойынша гипотонияның емі мен сақтандыру шаралары үшін 1 миллиард еуроға жуық қаржы бөлінеді. Адамның жасына байланысты бекітілген нормадан ауытқушылық болса ол қан қысымы төмен дегенді білдіреді. Және әлсіз тұсы да дәл осында: статикалық орташаландырылған немесе «қалыпты» мағына жеке сырқаттың бар екенінен хабар бере алмайды, ол үшін емделушінің толық шағымын есепке алу керек. Көбіне аурудың белгісі ретінде ұзақ отырып тез тұрған сәтте немесе таңертеңгі кездері бастың аздап айналуын айтады. Бірақ бұл қан қысымының төмендігімен тығыз байланысты деу қиын. Қан қысымы жоғары адамдарда да осы белгілер байқалады. Бұған қан қысымының реттелу жүйесінің қысқамерзімді бұзылуы себеп болуы мүмкін. Артериалды гипотониямен ерлерге қарағанда, көбіне әйелдер ауырады және көп жағдайда сырқат белгілерін 20-40 жас аралығында сезіне бастайды. Физикалық белсенділіктің төмендігі де қан қысымының төмендеуіне себеп бола алады: сырқаттардың 80%-ы мимен жұмыс істейтін адамдар. Жапон зерттеушілер 2000 жылы банк қызметкерлерінің артериалды гипотонияға ұшырау қаупі жоғары екенін анықтаған. Мұндай жағдайдың алдын алуға қан айналымы жүйесін абайлап жаттықтыру шаралары көмектеседі: спорттық жаттығулар, салқын душ, көбірек су ішу. Осындай аса қиын емес және ештеңеге тұрмайтын шаралардың арқасында аз уақыт ішінде жағдайдың жақсарғанын байқауға болады. Бірақ кейбір жағдайларда төменгі қан қысымы дереу дәрігерге қаралуды талап етеді: жүкті әйелдердің артериалды гипотонияға ұшырауы әлі туылмаған сәбиге әсер етуі мүмкін. Сол себепті уақытында бұл дертті анықтап, емдік шараларды жасаған дұрыс. 
Òан ÒÑÑÑмÑнÑÒ£ ÑөмендÑгÑ: ÑÑÑÒÐ°Ñ Ð¿Ð°, Óлде дÑмкÓÑÑÑк пе?
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/20726
27 шілде 2019 ж. 466 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930