» » "Жұмысын көрмеді": шымкенттіктер Әбдірахымовты қайтаруды талап етуде

"Жұмысын көрмеді": шымкенттіктер Әбдірахымовты қайтаруды талап етуде


Үшінші мегаполис тұрғындары Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кету жөніндегі хабарды аса әсерлі түрде қабылдаған. Олар Шымкенттің бұрынғы әкімінің желідегі парақшасында сансыз пікір қалдырып, оның қайтып келуін өтінуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде тіпті, "Ғабиолланы қайтарамыз" деген парақша пайда болған. Ғаламтор кеңістігіндеәкімді өз орнына қайтару жөніндегі петиция жарияланған. Шымкенттіктер бұл әрекетімен мемлекет басшылығына өз өтінішін жеткізбек.
NUR.KZ тілшісі қала көшелеріне шығып, тұрғындармен сөйлесіп қайтты. Кейбіреулер бұрынғы басшыны қайтару керек деп санаса, енді бірі ештене өзгертілмейді деп айтты. Сонымен қатар, мегаполис басшысына артылған жұмысты іске асыру аса қиын деп есептейді.

"Жұмысын көрмеген болар. Маған ол кісі қатты ұнайтын, халыққа да ұнады. Мен қатты таңғалдым. Біздің қала енді ғана мегаполис болған шағында тағы жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек пе еді? Жас әрі жақсы жігіт. Қазіргі де жақсы, еңбекқор кісі. Одан да гәтиже шығады деген ойдамын. Әкім болу қиын сияқты" , - деді Төрехан Жорабеков есімді қала тұрғыны.

Кейбір тұрғындар мұндай жағдайды мүлде күтпегенін айтты.
"Мен мұндайды үш ұйықтасам да ойламаппын. Лондонға қатысты жағдай жалған деп ойлаймын. Ол жап-жақсы жұмыс істеп жүрді. Көп үлес қосты, бар күшін салды. Жаңа әкімнен әрекет күтеміз. Біздікін бекер алып тастамаған болар" , - деді қала тұрғыны.
Шымкенттіктер арасынан Әбдірахымов кезіндегі бірталай жоба аяқталмағанын айтқандар да табылды.

"Байтұрсынов көшесі аяқталмады. Көшербаев біздің әкім сенімді жоғалтты деді. Не боларын көреміз, күтеміз" , - деді шымкенттік келіншек.

"Проблемалар әлі толықтай шешілген жоқ. Жоғарғы базар, ирригация. Ол бұл мәселені шешуге уәде еткен. Ол оның қолынан келетін еді. Ақылды қалағ ақылды базар. Әзірге прогресс көріп тұрған жоқпын. Оны түсіріп тастау шешімін аса дұрыс деп есептемеймін" , - деді шымкенттік азамат.

"Меніңше, оны қызметінен алып тастастаудың қажеті жоқ еді. Жап-жақсы ол. Өзіміздей. Біздікі" , - деді Азамат Талғат."Әр нәрсенің өз уақытысы бар. Тағдыры сондай шығар енді. Өкінішті, әрине. Алайда, көнбеске амал жоқ. Бізден ешкім сұрамайды ғой" , - деді Милана есімді тұрғын.

"Ия оны барлығы талқылады. Мүмкін бәрін өз мерзімінде аяқтамаған шығар. Алайда, мінсіз адам болады ма? Әбдірахымовтың табынушысы емеспін. Бірақ оған уақыт беруге болатын еді деген ойдамын" , - деді азамат.

"Біздің ақал өз фишкасынан айырылды", - деді Тимур.

"Егер ол жоғарғы жақтың сенімін ақтамаса, себеп болған шығар" , - деді Наталья Набиева.

"Бастысы ол ашық адам болды. Кейде қылықтарымен таңғалдырып та жатты. Жаңа әкім осыны өзіне түртіп алсын" , - деді Абзал Амаев.

Шымкенттің бұрынғы әкімі өз қызметінен осымен екінші мәрте кетіп отыр. Бірінші рет оның әкімдіктен кетуіне қатысты шымкенттіктер өлең жазып шығарған.
Айта кетейік, бұған Ғабидолла Әбдірахымовтың Шымкент әкімі қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Көшербаев шенеунік саяси сенімді жоғалтты деп айтты.



02 тамыз 2019 ж. 624 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930