» » "Жанған отқа қарсы жүруімізге тура келді": Жаркент өңіріндегі өрттен денесін күйік шалған орманшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

"Жанған отқа қарсы жүруімізге тура келді": Жаркент өңіріндегі өрттен денесін күйік шалған орманшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Жаркент өңіріндегі өртті сөндіру кезінде 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, оның ішінде 1 адам аяғын сындырыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап. 

оÑманÑÑ

Жарақат алғандар Лесновка ауылына тікұшақпен жеткізілген. Одан әрі барлығы Жаркент қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылған. Ал қызыл жалынның ортасында денесі күйіп, аман қалған 40 жастағы орманшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Алапат өрттің өршелене лаулап жануына ұйытқи соққан жел себеп болған екен.

"Желдің бағытын анықтай алмай қалдық. Бізге отқа қарсы жүгіруге тура келді. Әйтпесе ары қарай кетсек, түгел жанып кететін едік. Жанған отқа қарсы жүгіргеннен жанымыз аман қалды. Сол кезде денем күйіп кетті", – дейді өрттен аман қалған Ғабит Мақсұт.

Дәрігерлердің айтуынша Ғабиттің жағдайы бірқалыпты. Оның денесінің 15 пайызын күйік шалған. Оның үш баласы бар. Қазір ата-анасы мен жары Ғабиттің амандығын тілеп, аурухананы күзетіп жүр.

Ал жан сақтау бөлімінде жатқан тағы бір науқастың денесінің 35 пайызы күйіп кеткен. Оның жағдайы бірқалыпты болғанымен, ауыр екен. 
 
07 тамыз 2019 ж. 599 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930