» » Банкоматта қалдырылған ақша иесін тапты

Банкоматта қалдырылған ақша иесін тапты


Көп адамдар банкоматта картасын ұмытып кетіп жатады. Ал ақшасын шығарып тұрып, оны қалдырып кеткен адамды көрдіңіз бе?Жуырда  қаламызда осындай қызық жағдай орын алды. Таңертең балабақшаға кішкентайын апаруға шыққан Қарлығаш Маханова жолай банкоматқа соғады. «Қызылорда» супер-маркетінінің ішінде орналасқан банкоматқа келгенде дәл мынадай болып (суретте) алдында ақша жатыр. Асығыста біреудің ұмытып кеткені анық. Ақшаны егесіне қалайда қайтару керек. Сол кезде интсаграм желісінде оқырманы көп «komu_chto_kyzylorda» (газет емес) парақшасы есіне түседі.
 «Банкоматта ақшасын ұмытып кеткен-ау. Қай жердегі банкомат және қанша ақша барын айтса егесіне қайтарамын» деп хабарлама қалдырдым. Ертесіне кешке қарай ақшаның егесі маған қоңырау шалды. Мен расымен сол кісі екеніне көзімді жеткізгім келді. Ертесіне банкоматта орналасқан камераны кері айналдырып, ол адамның үстіне қандай киім кигенін нақтылап біліп алдым. Содан «ақша алуға келгенде қандай киімде болғанын және қандай аяқ киім кигенін айтуын талап еттім. Менің бар ойым алаяқтарға тап болмай, қаржыны өз иесіне қайтару болды. Себебі камерада адамның жартылай денесі ғана көрініп тұр. Осылай айтуға мәжбүр болдым. Ол ақшаның егесі түнгі ауысымнан шыққан апай екен. Үйіне келгенде қаржысын қалдырып кеткені есіне түсіп дереу банкке баруға арыз бермекші болған. Бірақ ертең банкке барамын деп отырғанда әлеуметтік желідегі хабарламаны көріп қатты қуанып кетіпті. Бала кезімізден ата-анамыздың «біреудің ала жібін аттама» деп құлағымызға құйып өсіргені міне, алдымнан шықты. Біреудің маңдай тер, табан етімен тапқан ақшасын алуға арым жібермес еді. Өзім де көпбалалы анамын. Мүмкін ол кісінің де балалары бар шығар деп ойладым,– дейді Қарлығаш.
Әлеуметтік желінің жылдамдығы, оның күштілігі де осында жатыр. «Komu_chto_kyzylorda» парақшасына шыққан хабарламаға қала тұрғындары көп пікір қалдырған. Оның бірі «Осындай заманда ақшаны қалай ұмытуға болады» десе, енді бірі «Қазір ұмытшақтық ауру болып барады. Адамдар әртүрлі ой үстінде жүрген соң затының қайда қойғанын білмейтіндер бар» депті. Ал ақшаны өз иесіне қайтарып берген шаһар тұрғынына оқырмандар «адал жан екенсіз, Алланың нұры жаусын. Қазіргі кезде де осындай адал адамдар бар екен-ау «деп пікір қалдырған.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА
10 тамыз 2019 ж. 608 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930