» » Германияда дүниеге келген актер "Қазақфильмнің" президенті болды

Германияда дүниеге келген актер "Қазақфильмнің" президенті болды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті қызметіне танымал актер Арман Асенов тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арман Асенов "Қазақфильм" киностудиясының жаңа басшысы атанды. Осыған дейін бұл қызметі Бақыт Қайырбеков атқарған.
Асенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген.
Ол - актер және продюсер.
Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
Бірқатар мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Арман жоғарғы оқу орнын Алматыда, Мәскеуде оқыды.
1995-2002 жылдары "Қазақфильм" АҚ продюсері қызметін атқарып, киностудияда түрлі қызметтерде болған.
Кейінірек "Казкинопрокат" РПК бас директоры болып жұмыс істеді.
2006-2007 жылдары Алматы қаласындағы Республика сарайы директорының орынбасары болды.
Одан кейінгі үш жылда елордалық "Жастар" сарайын басқарды.
2010 жылы "Қазақфильм" АҚ директорлар кеңесінің құрамына енді, сондай-ақ, "Бәйтерек" ұлттық продюсерлік орталығының бас продюсері атанды.
2014 жылы "Қазақфильмнің" вице-президенті қызметіне келді.
Бір жылдан соң "Қазақ елі" ұлттық сериалының бас продюсері болып тағайындалды.
Ал 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін "Республика алаңы" ЖШС директоры болып қызмет еткен.
Ол өзінің фильмдік дебютін жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары бастады.
Алғашқы түскен киносы режиссер Виктор Пусурмановтың "Қайсар" картинасы болып табылады.
Содан кейін ол "Азиат", "Шыңғыс хан", "А-ға қайтып оралу", "Көшбасшы жолы" және т.б. фильмдерде ойнады.

nur.kz
12 тамыз 2019 ж. 487 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930