Кәмелетке толмаған баланы ұрған тәрбиеші айыпталды
Павлодарда балабақша тәрбиешісі қамқорлығына алған балаға дене жарақатын салғаны үшін әкімшілік айыппұлға тартылды деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот әйелді кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды.
Оған 38 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңды бұзғаны үшін қалалық білім бөлімі мен облыстың білім басқармасынан да жеке қаулы шығарылды.