» » Түркістан облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде жарақат алып қайтыс болды

Түркістан облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде жарақат алып қайтыс болды

Дәрігерлер ұл баланы аман алып қала алмады.

ТүÑкÑÑÑан облÑÑÑнда мекÑеп оÒÑÑÑÑÑ ÑÐ°Ð±Ð°Ò Ò¯ÑÑÑнде жаÑаÒÐ°Ñ Ð°Ð»Ñп ÒайÑÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ


Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 8-ші сынып оқушысының үстіне жылжымалы қақпа құлап қайтыс болды. Оқиға 5 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында орын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2006 жылы туған Мақатай Әлихан Талғатұлы үшінші сабақта дене шынықтыру сабағы кезінде мектептің спорт залында кіші футбол ойыны кезінде үстіне абайсызда жылжымалы футбол қақпасы құлап, жарақат алған. Пән мұғалімі дереу жедел жәрдем шақырған және өзі алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының мәлімдеуінше мұғалім өзі жарақат алған баланы ауруханаға жеткізген. Алайда ақ халаттылар жасөспірімді аман алып қала алмады. 8-сынып оқушысы ота кезінде сағат 12.00 шамасында көз жұмған.

"Қара жамылған отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамыз.Тиісті рәсімдерді өткізу шығындарын аудан әкімшілігі өз мойнына алып, көмегін көрсетуде. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің тапсырмасымен Қазығұрт ауданына арнайы комиссия жолданды.Осы ретте облыс көлеміндегі білім беру мекемелерінің басшылығына сыртқы және ішкі спорт алаңдарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттелді," - дейді Түркістан облыстық адами әлеуеті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

06 қыркүйек 2019 ж. 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 771

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930