» » Несиесі кешірілгендер "қара тізімге" ілінеді ме?

Несиесі кешірілгендер "қара тізімге" ілінеді ме?


Бұл сұраққа еліміздегі екінші деңгейлі банктердің бірі ресми түрде жауап берді.


"Tengri Bank" АҚ басқарушы директоры Дмитрий Яковлев несиесі кешірілген қазақстандықтар "қара тізімге" енгізіледі деген ақпаратты негізсіз деп атады.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты Жарлығы, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, оларға өздерінің отбасыларының қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беруге бағытталған бір жолғы теңдессіз әлеуметтік көмек көрсету акциясы. Несиелері кешірілген қазақстандықтар қара тізімге енгізіледі деген ақпаратты негізсіз деп білемін", - деді банктің басқарушы директор.

Оның сөзінше, себебі Tengri Bank өзінің ішкі несиелік саясатына байлансыты ондай шектеу қоятын шешім қабылдаған жоқ. 

"Несиелері кешірілген клиенттер банкке қайта арыз тапсырып, ішкі талаптарға сәйкес несие алуларына болады", - деп сөзін түйіндеді Дмитрий Яковлев. 

Фото: ашық дереккөз
06 қыркүйек 2019 ж. 1 355 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930