» » "Толғақ жиілеп, қиналдым": Қарағандыда жүкті әйел перзентхананың еденінде жатып босанған

"Толғақ жиілеп, қиналдым": Қарағандыда жүкті әйел перзентхананың еденінде жатып босанған

ÒаÑÑÑ Ð¶ÑлаÒандÑÒÑан: ÓкеÑÑ Ð±ÑÑ Ð°Ð¹Ð»ÑÒ ÒÑзÑн пеÑзенÑÑанаÒа ÒайÑаÑÑп беÑген

Қарағандыда жүкті әйел перзентхананың дәлізінде еденде жатып босанған. Жас босанған әйелдің айтуынша, толғағы қысқанымен, дәрігерлер оның шағымын елемепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Мақпал Оразова 23 қыркүйекте жүктілігінің 37 аптасында перзентханаға түскен. Үшінші перзентін босанған әйелдің сөзінше, сол кезде 5-7 минут сайын толғағы қысқанымен, перзентханадағылар шағымын елемепті. Акушер бұл жалған толғақ деп, палатаға жіберді, дейді ол.
«Палатада басқа да жүкті әйелдер жатты. Мен толғағым қысып, қиналдым. Толғақ арасы жиілей түсті. Таңғы сағат 5-тің шамасында шыдамай, дәлізге шықтым. Онда акушер болды. Оған босанғалы жатқанымды айтқаныммен, «босануыңа әлі ерте» деп бой бермеді. Сол кезде баланың басы шығып келе жатқанын сезініп, көмек сұрап айқайлап жібердім. Осыдан кейін ғана акушер мені еденге жатқызып, көмекке шақырды. Ол санитар әйелмен бірге мені босандырып алды», - дейді жас босанған әйел. 
Сонымен қатар Мақпал дәрігердің босанғаннан кейін ғана келіп, баланың кіндігін кескенін айтты. 
Еденде жатып босанған әйел ендігі сәбиінің денсаулығына алаңдаулы. Айтуынша, бүгінде қызының көзі қызарып кетіпті. 
Сол түні перзентханада кезекшілік еткен дәрігер мен акушерді өз қызметіне салғырт қарады деп айыптаған Мақпал Оразова олардың жазаланғанын қалайды. Ол Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасына шағымданып үлгерген.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер аталған жағдайды растап, қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

stan.kz

25 қыркүйек 2019 ж. 678 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930