» » Құны 1,4 млрд теңге: Елордада алтын унитазы бар зәулім үй сатылып жатыр

Құны 1,4 млрд теңге: Елордада алтын унитазы бар зәулім үй сатылып жатыр

Елордада ішінде алтын унитазы бар зәулім үй сатылымға шығарылды. Сегіз бөлмеден тұратын баспананың құны 1,4 миллиард теңгеге бағаланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Құны 1,4 млрд теңге: Елордада алтын унитазы бар зәулім үй сатылып жатыр

Хабарландыруда көрсетілгендей, зәулім үй 2015 жылы салынған екен. 
Үйдің аумағы 1 200 шаршы метрді құрайды. Баспананың бір ғана асүйінің аумағының өзі 40 шаршы метр болады екен.
Құны 1,4 млрд теңге: Елордада алтын унитазы бар зәулім үй сатылып жатыр


Құны 1,4 млрд теңге: Елордада алтын унитазы бар зәулім үй сатылып жатыр


1,4 миллиард теңгеге бағаланған үйдің өз саунасы мен бассейні бар. 

Хабарландыруда көрсетілген суреттерге қарағанда, үйдің ішінде кемінде 4 санитарлық бөлме бар. Олардың бірінде алтын немесе алтын жалатылған унитаз орнатылыпты. Дәл осы сурет аталған сайт редакциясының назарын аударған.


Суреттерге қарағанда, иесі үйдің интерьерін венециялық стильде жасағысы келген сыңайлы.

Себебі сән-салтанатты үйге көлемді люстралар ілініп, тіреуіштер орнатылған. Сонымен қатар барлық дерлік бөлменің интерьері алтын түспен көркемделіпті.
Құны 1,4 млрд теңге: Елордада алтын унитазы бар зәулім үй сатылып жатыр

stan.kz
25 қыркүйек 2019 ж. 1 035 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930