» » Бала тууды шектеу бағдарламасын қолға алды

Бала тууды шектеу бағдарламасын қолға алды

Елдің денсалық сақтау министрлігі барлық медициналық мекемеге тегін контрацептив береді.

Бала тууды шектеу бағдарламасын қолға алды


Тәжікстан бала тууды шектеу бағдарламасын қолға алды, деп жазады ktk.kz.

Елдің денсалық сақтау министрлігі барлық медициналық мекемеге тегін контрацептив береді. Емханаларда тұрғындарға жыныстық қатынас этикасы түсіндіріледі. Мамандар ана денсаулығына ден қояды. Дәрігерлер бала туған соң келесі баланы көтеруге дейін бірнеше жыл демалу керектігін түсіндіреді.

Кедейлік, жұмыссыздық, еңбек миграциясы - Тәжікстандағы демографиялық өсімнің жоғары болуынан туындаған. Дүниежүзілік банк мамандары бұны бірнеше мәрте айтқан. Он жылда халық саны 22 пайызға көбейген. Мемлекеттік бағдарлама тәжік әйелдеріне тууға тыйым салмайды. Бала туу - әрбір азаматтың құқығы. Кедейшілік пен жұмыссыздықпен басқа органдар күреседі.

Дәрігерлер болса ана мен бала денсаулығын күтіп, контрацептивтерді халыққа тегін таратуды, сол арқылы бала тууды жоспарлауды үйретуді көздеп отыр. Дәрігерлер мемлекеттік бағдарлама арқылы үш жылда 450 мың жоспарсыз жүктілікті болдырмауға болады деп есептейді.


27 қыркүйек 2019 ж. 345 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930