Қазақстанда әр балаға 11 мың теңгеден берілетіні рас па? Министрлік жауап берді

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер аталған ақпаратты жоққа шығарды.
«Елімізде мессенджерлерде биылғы жылдың 1 қазанынан бастап отбасының кірісіне қарамастан, әр балаға 11 мың теңгеден төлемдер енгізілгені туралы ақпарат жалған болып табылады», - дейді министрліктегілер.
Сондай-ақ, министрліктегілер мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің көлемін еске салды:
- бала тууына байланысты жәрдемақы (бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері 95 950 теңге (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала үшін - 159 075 теңге (63 АЕК);
- бір жасқа дейінгі баланың күтіміне арналған жәрдемақы (биылғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға 5,76 АЕК - 14 544 теңге, екінші балаға 6,81 АЕК - 17 195 теңге, үшінші балаға 7,85 АЕК - 19 821 теңге, төртінші және одан көп бала үшін 8,90 АЕК - 22 473 теңге);
- мүгедек баланы ересек болғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына тағайындалған және төленген жәрдемақы (оның мөлшері 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орташа есеппен 41 418 теңге (1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі)
- бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматты күтуге төленетін жәрдемақы (2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, 41 578 теңге (13.4 ең төменгі күнкөріс деңгейі).
Сонымен қатар жұмыс істейтін әйелдерге босануы және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
stan.kz
stan.kz