» » "Асқан айуандықпен азаптап келеді": Нью-Йоркте азаматтар Қытайға қарсы наразылық білдіруге шықты

"Асқан айуандықпен азаптап келеді": Нью-Йоркте азаматтар Қытайға қарсы наразылық білдіруге шықты

ÒÑÑай

Қазан айының алғашқы күні Нью-Йоркте азаматтар Қытай саясатына қарсылық білдіру үшін One Dag Hammarskjöld Plaza ғимаратының алдына жиылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ghgphoto.photoshelter.com басылымына сілтеме жасап. 

Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойында Гонконг, Шығыс Түркістан, Тибеть, Тайвань және Оңтүстік Моңғолиядан келгендер Нью-Йорк қаласында наразылық акциясына шықты. 
Осылайша One Dag Hammarskjöld Plaza ғимаратының алдына жиналғандар Қытай мемлекетін «70 жылдан бері адам құқығын асқан айуандықпен таптап келеді» деп айыптап, БҰҰ мен демократ елдерден оған төтеп беруді талап етті. 

акÑиÑ

Мұнымен қатар, олар аспан асты елінің саясатының салдарынан миллиондаған адамның жасанды жолмен көз жұмып, концлагерь ұйымдастырды, өзгеше ойлай білетіндерді түрмеге жапты деп айыптады. 1998 жылы 5 қазанда Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қол қойғанына қарамастан, «осындай қадамға барып отыр» деп ашынды. 
Бұдан өзге Қытай билігі Адам құқықтары жөніндегі әмбебап декларацияны бұзды деп айыпталды. Белсенділер коалициясы Қытай тауарлары мен визасына тыйым салуды талап етті. 


stan.kz
02 қазан 2019 ж. 707 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031