Қазақстанда зейнет жасы 67 жасқа көтеріле ме: Әлихан Смайылов жауап берді
Елімізде зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру мәселесі талқыланатыны хабарланған болатын.
Қазақстанда зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ол жалған. Неге десеңіздер, журналист теріс ақпарат берді. 65-67 жасты айтқанда Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін мысалға келтірген едім. Бұл цифрларды тек мысал ретінде ғана келтірдім. Қазақстанда ондай жоспар жоқ. Қазір бұл мәселе талқыланбайды да», - деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетсек, еліміздің кейбір бұқаралақ ақпарат құралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сілтеме жасай отырып, елімізде зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру мәселесі талқыланатындығын хабарлаған еді.