» » Күзетші - еліміздегі ең тапшы мамандықтар қатарына енді

Күзетші - еліміздегі ең тапшы мамандықтар қатарына енді

Күзетшілер Қазақстандағы ең тапшы мамандық болып қалуда.

Күзетші - еліміздегі ең тапшы мамандықтар қатарына енді

2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша күзетшілер электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындар санының ара қатынасы бойынша Қазақстандағы ең тапшы мамандықтардың көшбасшысы болып тұр, деп жазады zakon.kz.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары атап өткендей, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың) кірді.

Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына: санитарлар, жүк автокөліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді. Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының үштен екісі 2 өңірге тиесілі екендігін айта кету керек. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласында (1034 бос жұмыс орны) осы кәсіптің адамдары неғұрлым сұранысқа ие.

Ал Шымкентте күзетшілер тапшы 25 мамандықтың тізіміне де енбей қалған. Еліміздің Оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие орта мектеп мұғалімдері (935 бос орын) болды. 2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық еңбек биржасындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарының талдауымен толығырақ мына жерден танысуға болады: https://iac.enbek.kz/ru/node/719.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілердің 4,4 мыңнан астам бос лауазымына сұраныс болған жоқ. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне (2.6 мыңнан астам бос жұмыс орны), тазалағыштар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тасушылар (2,1 мың) кірді.

09 қазан 2019 ж. 514 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031