» » Ата-анасының қарызы бар балалар ҰБТ тапсыра алмайтыны рас па? - Комитет жауап берді

Ата-анасының қарызы бар балалар ҰБТ тапсыра алмайтыны рас па? - Комитет жауап берді

Мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу міндеті ҚР Салық кодексінде бекітілген.

Ата-анасының қарызы бар балалар ҰБТ тапсыра алмайтыны рас па?  - Комитет жауап берді


Әлеуметтік желілерде салық берешегі бар азаматтардың балалары Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайды деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімдеме жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу міндеті ҚР Салық кодексінде бекітілген. Алайда, аталған құжатта салық берешегі бар азаматтардың туыстары мен жақындарының емтиханға, мемлекеттік бағдарламаларға және басқаларға қатысуға шектеу қою бойынша норма жоқ. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі»,- деп атап өтеді комитеттен.

Сондай-ақ, ведомство осы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүргізіліп жатқанын еске салады. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша тексере алады.
Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз


10 қазан 2019 ж. 538 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 783

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031