» » Ішкі істер министрлігі Тазабектің полицияға оқыған дәрісін тексеруде

Ішкі істер министрлігі Тазабектің полицияға оқыған дәрісін тексеруде

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¢Ð°Ð·Ð°Ð±ÐµÐºÑÑÒ£ дÓÑÑÑÑІшкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди сенат отырысында қазіргі уақытта ІІМ "Асыл Арна" телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге оқыған дәрісінің тұрпаты мен мазмұнын тексеріп жатқандығын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер Тазабекті дәріс оқуға кім шақырғанын сұрағанда, Калайчиди бұл сұрақты оны шақырған бөлім басшылығына қою керек екенін алға тартты.
"Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы. Солармен сөйлесу керек", - деп түсіндірді ол.
Сонымен бірге, ол әр мемлекеттік органның өзіндік ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары бар екенін, соған сәйкес қоғам қайраткерлерін шақыратындығын атап өтті.
"Қазір біз бұл кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның тұрпаты мен мазмұнын тексерумен айналысудамыз. Бағалаған соң шешім шығарамыз. Тексеріс жүргізілмейінше мен пікір білдіргім келмейді", - деді Калайчиди.
Бұған дейін "Асыл арна" телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабектің полиция қызметкерлеріне оқыған дәрісі әлеуметтік желіде шу көтерген еді.
10 қазан 2019 ж. 533 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031