» » Талғат Мұсабаев ұшқыштарды дайындайтын жалғыз оқу орнын жабу керек деп шүйлігіп отыр

Талғат Мұсабаев ұшқыштарды дайындайтын жалғыз оқу орнын жабу керек деп шүйлігіп отыр

Азаматтық авиация академиясында білім беру жұмысы жедел тоқтатылуы керек! Сенатор Талғат Мұсабаев елдегі ұшқыштарды дайындайтын жалғыз оқу орнына шүйлігіп отыр. Ғарыштердің айтуынша халықаралық дәрежедегі маман дайындауға қауқарсыз, жемқорлыққа жақын академия тек шығын әкелуде.

Талғат Мұсабаев ұшқыштарды дайындайтын жалғыз оқу орнын жабу керек деп шүйлігіп отыр

Бұл сынынан соң оқу орны ректорымен де тілдескен едік. Соңғысы халық қаһарманының сөзін түбегейлі жоққа шығарды. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды. 

Алматыдағы азаматтық авиация акдемиясы жарытып білім беріп жатқан жоқ. Оқу орында жемқорлық қаупі жоғары! Сенатор Талғат Мұсабаевтың пайымы осыған саяды. Басым бөлігі бюджеттен қаржыланатын академия түлектері халықаралық талаптарға сай келмейді. Жалғыз оқу орталығымен әріптестігі жемқорлық қылмысқа жол ашып отыр дейді.

"Академияда қашықтықтан оқуға рұқсат берілген. Не сұмдық?! Бұл бассыздыққа қарамастан, азаматтық авиация академиясы бюджеттен тағы 76 млрд теңге сұрап отыр. Ол жерде ұшқыштарды оқытуды тоқтату керек. Ол жұмысты әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына жүктеуге болар еді. үнемді әрі тиімді, ең бастысы нәтижелі қадам жасаймыз", - деді Мұсабаев.

Бізге 76 емес, 10 млрд теңге керек дейді сынға ұшыраған академия ректоры. Ғарышкердің есептен жаңылғанына аң-таң. Екі ай бұрын ғана оқу орнын басқаруға келген Бекен Сейдахметовтың айтуынша, оның жартысы жатақхана салуға, қалғаны оқу орталығын жасақтау үшін қажет екен. Сонда еуропалық стандарттарға сай шәкірт дайындауға мүмкіндік, туады дейді. Ал азаматтық пен әскери авиацияны біріктіру қателік екенін айтады.

"Екеуінің бағыттары әр түрлі. Азаматтық авиацияның өз стандарттары бар. Біздің әуе компаниялары еуропалық талаптар бойынша жұмыс істеп жатыр. Біз сондықтан қазір ұшқыш пен инженерлерді сол бағытта дайындауды көздеп отырмыз. Білім беру бағдарламасы дайын. Жақында оны индустрия мен білім беру министрліктері алдында қорғайтын боламыз", - дейді академиясының ректоры Бекен Сейдахметов.

Отандық әуе компанияларында 300-ден аса шетелдік ұшқыш жұмыс істейді екен. Осыдан-ақ, кадр тапшылығын байқауға болар. Жаңа жүйе қабылданса, кемінде 4 жылдан кейін ғана халықаралық талапқа сай отандық мамандардың легін көретін сияқтымыз. Елде ғана емес шетте де сұранысқа ие ұшқыштарды дайындау жоспары үкіметте де бар екен. Әзірге жоспар.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде азаматтық авиация академиясының жұмысын қайта қарау жөніндегі жоспары бар. Бізде "Қазаэронавигация" мекемесі жұмыс істейді. Олар өз базасында мамандарды даярлауға ниет білдірген еді. Екеуінің жұмысын бір арнаға тоғыстыруға болады деп санаймыз. Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ", - дейді премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр.

Қазіргі уақытта бір ұшқышты оқытуға 20 млн теңге жұмсалып отыр. Биыл ел ішіндегі талаптарға сай 82 түлек шығуы тиіс. Тағы 30 маман Чехияда білім алуға жіберілгелі жатыр. Олар бірнеше жылдан соң еуропалық стандарттарға сай ұшқыш болып оралуы тиіс. Академияда білім беруді тоқтату керек деген сенаторға қандай жауап келері белгісіз. Түсінгеніміз, биылша оқу орны жұмысын жалғастыра бермек.
15 қазан 2019 ж. 585 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930