Оралда жағдайы төмен 200 отбасыға мемлекеттік жәрдемақыны қайтаруды талап еткен
Оралдың 254 тұрғынына жалпы саны 19 миллион теңгені құрайтын жәрдемақы ақшасын қайта мемлекетке қайтару туралы ақпарат келген, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Жәрдемақаны қайтару туралы ескерту алған отбасылар бір айдың ішінде соманың барлық көлемін төлеуі керек. Әйтпесе, жергілікті билік олардың сотқа береді деп хабарлаған.
Бұл туралы Орал қаласының жұмыспен қамту бөлімі мен қоғамдық бағдарламалар жетекшісі Әсия Құрманқұлова хабарлады. Сөзінше, бұл бастаманың көтерілу себебі ресми түрде кедейлік шегінің төмендеуіне байланысты екен.
Осы жылдың 1 қазанынан бастап кедейлік шегі 19 893 теңгені құрапты, ал бұған дейін оның мөлшері 20 789 теңге болған. Осының себебінен мемлекет бұрын төленген жәрдемақыны қайтаруды талап етіп отыр. Яғни, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар осы уақытқа дейін алып, құртып үлгерген ақшаны қайтаруға міндетті.
Ал сәуір айынан бастап әлеуметтік көмек ретінде жәрдемақы алып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген отбасылар биліктің бұл шешіміне қатты наразы. Айтуларынша, мемлекет бұл көмекті тоқтатып қана қоймай, ақшаны қайтаруды сұрап отыр. Көпшілігі бір айдың ішінде бірнеше мыңды құрайтын соманы қайдан табатынын білмей бастары қатып отырған көрінеді.