» » АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА ҚАДАҒАЛАУ АУМАҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА ҚАДАҒАЛАУ АУМАҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Аудандық прокуратурамен ауданның жекелеген тұрғындары тегін дәрі-дәрмекпен тиісті түрде қамтамасыз етілмегені анықталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық ауруханасының (бұдан әрі-Аурухана) мәліметіне сәйкес, аудан аумағындағы 21 учаскелік аймақ бойынша есепке алынған 8495 науқас тіркелген.
Алайда, талдау барысында емдеуші дәрігерлермен дәрілік зат алуға рецептілер жазылған 32 науқас дәрілермен мүлдем қамтамасыз етілмегені белгілі болды.
Мысалы, науқас Б-ға «Артериялық гипертензия» нозологиясы бойынша дәрі-дәрмектерді алуға 4 тегін рецепт жазылғанымен, ол бұндай дәрілік заттармен мүлдем қамтамасыз етілмеген.
Аудандық прокуратураның ұсынуы негізінде аталған 32 азаматтар дәрілік заттармен қамтамасыз етіліп, құқықтары қорғалса, аурухананың жауапты қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылыққа тартылуы қамтамасыз етілді.

Жалағаш ауданының прокуратурасы
01 қараша 2019 ж. 516 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930