» » Қазақстанда куәліксіз көлік жүргізгені үшін айыппұл мөлшерін 120 мыңға дейін арттырмақ

Қазақстанда куәліксіз көлік жүргізгені үшін айыппұл мөлшерін 120 мыңға дейін арттырмақ

ÒазаÒÑÑанда кÑÓлÑкÑÑз көлÑк жүÑгÑÐ·Ð³ÐµÐ½Ñ Ò¯ÑÑн айÑппұл мөлÑеÑÑн 120 мÑÒ£Òа дейÑн аÑÑÑÑÑмаÒҚазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин атап өткендей, заң жобасы олармен реттелетін қатынастарды азаматтық немесе тәртіптік тәртіпте қарау мүмкіндігіне байланысты жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға түзетулер енгізеді. Атап айтқанда, комитеттің қорытындысында атап өтілгендей, заң жобасында айыппұлдардың мөлшерін азайту, қолданыстағы әкімшілік айыппұлдарды азырақ репрессивті жазалармен алмастыру, ескерту түріндегі неғұрлым қатаң әкімшілік жазаларды қолдануды кеңейту және тағы басқалар қарастырылған.
«Депутаттардың ұсынысы бойынша жол қозғалысы саласындағы кейбір бұзушылықтар үшін айыппұлдар көбейтілді. Мысалы, жүргізуші куәлігінен айырылған адамға көлік құралын басқарғаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазір бұл айыппұл мөлшері - 10 АЕК. Сондай-ақ, мұндай заң бұзушылықты қайталағаны үшін айыппұл мөлшері 20-дан 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бұл түзету жолдардағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды », - деп түсіндірді Қанат Мусин.


stan.kz


06 қараша 2019 ж. 673 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 738

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930