» » СОЛАҚАЙДЫҢ СОҚҚЫСЫНАН САҚТАН

СОЛАҚАЙДЫҢ СОҚҚЫСЫНАН САҚТАН

Осы адамдар неге оңқай, солақай болып бөлінеді? Статистикалық деректерге сүйенсек, жер бетіндегі адамдардың 10-12 пайызы солақай екен. Оңқайларға қарағанда солақайлар аз болса да олардың басым көпшілігі қарапайым адамдардан ерекшеленіп тұрады. Әсіресе, боксшылар…
Боксшылардың арасында солақайдың соққысы жайлы әңгіме көп. Тіпті оңқайлар үшін олармен жұдырықтасу оңайға түспейді. Сол қолмен соққы жасайтын спортшылар оңқай боксшыларға қарсы қарама-қарсы және ыңғайсыз қалыпта тұрып жұдырықтасады. Олардың басты қаруы да – сол жақ дене бөлігінен соққы беру. Ол сәтте оңқай боксшы қорғанысты көбірек ойлайтын болса, есе жіберуі бек мүмкін. Отандық бокс тарихында солақай саңлақтар жетерлік. Солардың бірі – Василий Жиров. Оның Атланта олимпиадасының жеңімпазы болып, жасындай жарқылдағанын жұрт жақсы біледі. Кәсіпқой бокста да чемпион болған отандасымыз талайды соққысымен сұлатты. Одан бөлек Бақыт Сәрсекбаев пен Серік Сәпиев те солақай боксшылар. Екеуі де олимп шыңына көтеріліп, жеңімпаз болған, әнұранды шырқатқан, көк туымызды биікте желбіреткен оғландар.
Жалпы әлемде солақай атақты адамдар баршылық. Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин де солақай болған. Бұл аз десеңіз, Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен, Прокофьев, Гете, Кафка секілді жаһан мақтаныштарының да солақай екенін айта кеткен жөн.

А.БЕК

09 қараша 2019 ж. 677 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 042

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30